Қоғам

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті

© REUTERS / KAI PFAFFENBACHПробирка для анализа на коронавирус
Пробирка для анализа на коронавирус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Науқастардың саны жағынан Нұр-Сұлтан және Алматы көш бастады, екі қала да коронавирустың "сары" аймағында тұр   

НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 766 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бір күн бұрын 692 науқас тіркелген еді.

Өңірлердегі статистика:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 114 (бір күн бұрын 67 болған),
  • Алматы қаласы - 111,
  • Шымкент қаласы - 11,
  • Ақмола облысы - 63,
  • Ақтөбе облысы - 1,
  • Алматы облысы - 61,
  • Атырау облысы - 73,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 37,
  • Жамбыл облысы - 10,
  • Батыс Қазақстан облысы - 43,
  • Қарағанды облысы - 39,
  • Қостанай облысы - 75,
  • Қызылорда облысы – 3,
  • Маңғыстау облысы - 15,
  • Павлодар облысы - 48,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 54,
  • Түркістан облысы - 8.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 164 477.

Өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы: 12 қаңтардағы мәлімет

  • "қызыл" аймақ: Ақмола, Қостанай облыстары;
  • "сары" аймақ: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Павлодар облыстары;
  • "жасыл" аймақ: қалған өңірлер.  
Жаңалықтар
0