15:17 19 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
89 0 0

Қазақстанның астанасы мен сегіз өңірінде дабылды ескерту жарияланды. Тасжолдардағы автокөлік қозғалысы шектелді 

НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның кейбір өңірлерінде боран соғып мен қалың қар жауып жатыр. Бірқатар өңірде дабылды ескерту жарияланып, әуежайлардағы рейстер кешігуде, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Нұр-Сұлтанда дабылды ескерту ұзартылды. Бас қалада жел секундына 15 метр жылдамдықпен соғып, жел екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін. 

Сонымен қатар, техникалық аялдамасы бар халықаралық рейстер де Нұр-Сұлтан әуежайындағы жағдайға байланысты ұша алмай отыр. Мамандардың айтуынша, қарсы беттен соққан жел әуеге көтерілуге кедергі келтіріп тұр. 

Сонымен қатар, Атыраудан Нұр-Сұлтанға бағытталған рейс те ауа райының қолайсыздығына байланысты кешікті. Ұшақ дауылдың басылуын күту үшін Алматыға қонуға мәжбүр болды, деп хабарлады Air Astana әуе компаниясында. 

Scat әуе компаниясының барлық рейсі ешқандай кешігусіз кестеге сәйкес уақытта келіп жатыр.

Дабылды ескерту 

Сейсенбі, 12 қаңтарда Маңғыстау, Қызылорда, Қостанай, Батыс Қазастан, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында дабылды ескерту жарияланды. 

Қазақстан аумағының басым бөлігі Атлантикалық циклонның ықпалында болып, осыған байланысты қар жауады. Оңтүстік және оңтүстік-батыста қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болады деп болжанды. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді және боран соғады, оңтүстік және оңтүстік-батыста көктайғақ болады.

Қар, боран және секундына 20 метр соғатын желге байланысты Нұр-Сұлтанда да дабылды ескерту жарияланды. 

Жолдардағы шектеу 

Ауа райының нашарлауына байланысты Қазақстанның төрт өңірінде тасжолдағы қозғалыс шектелді. 

"12 қаңтарда ауа-райының күрт құбылуына байланысты (қар, боран, жолдың нашар көрінуі) барлық көлік түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді", - деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Қарағанды облыстарында көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Қай тас жолдардағы көлік қозғалысы жабылғаны туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.

 

Тақырып бойынша

"Өртенді, өртеніп жатырмыз" Мәскеуде ұшақта түсірілген жантүршігерлік видео
Bek Air-дің аман қалған жолаушысы ұшақта не болғанын айтып берді
Әйелдің ұшақта босанған сәті видеоға түсіп қалды
"Жұрт дүрлігіп, жылады": ұшақта болған кәсіпкер апат кезінде не болғанын айтты
SMS-ті оқып қойған: Ұшақта ұшқыш пен стюардесса төбелесіп кетті – видео
Кілт сөздер:
рейстер, боран, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып