Қоғам

Назарбаевтың биыл қандай шараларға қатысатыны нақтыланды

© Photo : elbasy.kz/ruНұрсұлтан Назарбаев сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады
Нұрсұлтан Назарбаев сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан СІМ басшысы Елбасы қатысатын халықаралық іс-шаралар кестесін қарастырды

НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

"Кездесуде осы жылы Қазақстанның Тұңғыш президентінің қатысуымен өтетін сыртқы саяси іс-шаралардың кестесі қаралды", – делінген хабарламада.

Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев құрметті төрағасы болып саналатын Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) және Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік кездесулерінің алдағы уақытта өтетін жиындарына ерекше мән берілді.

Елбасыға одақтас және стратегиялық серіктес елдердегі жағдай, Қазақстанның Еуразия экономикалық одағына төрағалық ету кезеңінде атқарылатын жұмыстың негізгі бағыттары туралы ақпарат ұсынылды.

Оқи отырыңыз: Оны ұстап тұра алмадық – Назарбаев Айсұлтанның тәуелділіктен арыла алмағанына өкінді

Жаңалықтар
0