Қоғам

Бір аптада қанша қазақстандық коронавирустан көз жұмды

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуАурухана, архивтегі сурет
Аурухана, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жалпы Қазақстанда коронавирус пандемиясы басталғалы бері індеттен екі мыңнан астам адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда өткен аптада коронавирус инфекциясынан 30 адам қайтыс болды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

4 мен 10 қаңтар аралығында республика бойынша COVID-19-дан 30 науқас көз жұмды.

Антирейтингте Алматы қаласы көш бастаған: оңтүстік мегаполисте бір аптада сегіз адам қайтыс болды.

Өңірлер бойынша:

  • Алматы қаласы – 8;
  • Нұр-Сұлтан қаласында – 4;
  • Шығыс Қазақстан облысында – 4;
  • Алматы облысында – 4;
  • Атырау облысында – 3;
  • Ақтөбе облысында – 2;
  • Павлодар облысында – 2;
  • Батыс Қазақстан облысында – 1;
  • Қостанай облысында – 1;
  • Жамбыл облысында – 1.

Жалпы Қазақстанда пандемия басталғалы бері індеттен 2 349 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0