Қоғам

Бокстан әлем чемпионы Жанат Жақиянов бухгалтерінің жымысқы әрекетін байқамаған

© REUTERS / Clodagh KilcoyneЖанат Жакиянов проиграл ирландцу Барнетту и лишился титула WBA
Жанат Жакиянов проиграл ирландцу Барнетту и лишился титула WBA - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот үкімімен спорт мектебінің бухгалтері алаяқтық әрекеті үшін кінәлі деп танылды, ал оның басшысы қатаң сөгіс алды

АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. Петропавлда спорт мектебін басқаратын бокстан әлем чемпионы Жанат Жақиянов қатаң сөгіс алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Дүйсенбіде Antıkor ortalyǵy алаңында бокстан облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бас бухгалтерінің бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасауына ықпал ететін мән-жай қаралды.

Айта кетейік, қалалық сот үкімімен мектептің бас бухгалтері алаяқтық жасады деп танылды. Яғни, қызмет бабын пайдаланып, алдау жолымен бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлау (Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы - "алаяқтық") бойынша 6 жыл 8 айға сотталды. Ол қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтейді. Облыстық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.

"2017 жылдың маусымынан 2020 жылдың ақпанына дейін бас бухгалтер қызметтік өкілетін пайдаланып және нақты деректерді әдейі бұрмалап, өзіне 23 миллион 81 мың теңге бюджет қаражатын негізсіз аударған. Бұл сот-экономикалық сараптаманың қорытындысымен расталды", - деп хабарлады облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Ернар Баянғазин.

Тергеу кезінде бухгалтердің шотына ақшаны заңсыз аударуға бокс мектебі басшыларының электронды-цифрлық қолтаңбалары арқылы (ЭЦҚ) бекітілген төлеуге берілетін электронды шоттар негіз болған.

"Әбдірахманов пен Жақияновтың бюджет қаражатының жымқырылғанын білмейтіні, ал олардың ЭЦҚ-сы бас бухгалтердің қолында болғаны анықталды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес, қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны және ведомстволық бақылаудың болмауына байланысты дене шынықтыру және спорт басқармасы бокстан олимпиадалық резерв мектебінің басшысы Жанат Жақияновқа қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза жариялады", - деп түсіндірді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Жақиянов жайлы ақпарат

Жанат Жақиянов 1983 жылы 4 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Благовещенка ауылында дүниеге келген. 1998 жылы отбасы Петропавлға көшті. Жанат 11-сыныптан бастап сыңары Азаматпен бірге Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Владимир Чернышковтың бокс секциясында жаттыққан. 2007 жылы Солтүстік Қазақстан университетін бітіріп, жергілікті бокс мектебіне жаттықтырушы-оқытушы болып жұмысқа орналасты. Әскер қатарында Алматыдағы спортротада қызмет етіп, кейін үйіне қайтты.

Жанат Жақиянов – жеңіл салмақта (53,5 келі) жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы. WBA супер және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы (2017), WBA нұсқасы бойынша бұрынғы уақытша әлем чемпионы (2015-2017), EBU нұсқасы бойынша Еуропа чемпионы (2014-2015).

2018 жылдың ақпанында Жанат Жақиянов спорттағы карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді.

Жаңалықтар
0