Қоғам

Қазақстан халқы ассамблеясының депутаттарына дауыс беру басталды

© Sputnik / Владислав ВодневСайлаушылардың дауыс беру сәті
Сайлаушылардың дауыс беру сәті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясына ұйымға мүше республикалық және аймақтық этномәдени бірлестіктердің делегаттары қатысып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Елодадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы ассамблеясының атынан сайланатын депутаттарға дауыс беру басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сайлауда санитарлық талаптарды сақтауға баса назар аударылып отыр. Дауыс беретін адамдардың арасы 1,5-2 метр болуы шарт. Бетпердені кию міндеттеліп, сайлау учаскесінде антисептиктер қойылған. Келушілердің дене қызуы да өлшенеді.

Тәртіпке сәйкес, ұйымға мүше адам бюллетеньмен дауыс береді. Осы жолы алдымен Атырау облысын дауыс беруге шақырды. Одан кейін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының өкілдерін, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Ақмола мен Ақтөбе облысының делегаттары дауыс берді. Содан кейін Батыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облысы мен Шымкент қаласы, ал ең соңында Қостанай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау мен Солтүстік Қазақстанның өкілдері өз таңдауын жасайды.

© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстан халқы ассамблеясының өкілдері дауыс беру кезегінде тұр
Қазақстан халқы ассамблеясының депутаттарына дауыс беру басталды - Sputnik Қазақстан
Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері дауыс беру кезегінде тұр

ҚХА сессиясына ұйымға мүше республикалық және аймақтық этномәдени бірлестіктердің делегаттары, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, Қазақстанда тіркелген халықаралық бақылаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысып жатыр.

Ассамблея депутаттары қалай сайланады?

Бүгінде парламенттің төменгі палатасы – мәжілісте 107 мандат бар. Олардың ішінде 98 депутат партиялық тізіммен сайланады. Халық оларға кешегі сайлауда дауыс берді. Енді Қазақстан халқы ассамблеясының атынан сайланатын тағы 9 депутат анықталады. Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы осы ұйым ұсынған кандидаттардың тізімін тіркеуге алған. Олар:

  • ҚХА-дан сайланған, мәжілістің VІ шақырылымының депутаты Сауытбек Әбдірахманов;
  • Батыс Қазақстан облыстық "Масис" армян этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аветик Амирханян;
  • Жамбыл облысы Қордай ауданы Сартөбе ауылдық округінің әкімі Ильяс Буларов;
  • "Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектебі" КММ директоры Наталья Дементьева;
  • "Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы" ЗТБ төрағасы Юрий Ли;
  • "Барбанг" күрдтер қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Вакиль Набиев;
  • "Қазақстан татар және башқұрттар конгресі" республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Шамиль Осин;
  • "ЖетысуОблГаз" ЖШС бас директоры Владимир Тохтасунов;
  • "Әзербайжандықтар қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абилфас Хамедов.

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өтеді. Егер Ассамблея мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, онда сессия шешімі қабылданды деп саналады. Қазіргі кезде осы ұйымға 504 адам мүше. Олардың әрқайсысы жеке дауыс береді. Ассамблея мүшелерінің 50 пайыздан астам дауысын жинаған кандидаттар мәжіліске өтеді.

Оқи отырыңыз: Назарбаев түнде "Nur Otan" партиясының штабына келді

Жаңалықтар
0