Қоғам

Кешкі сегізге дейін қанша қазақстандық дауыс беріп үлгерді – ақпарат шықты

© Sputnik / Владислав ВодневКазахстанцы голосуют на выборах
Казахстанцы голосуют на выборах - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өңірлер арасында Солтүстік Қазақстан, Алматы, Ақмола, Қызылорда облыстары көш бастаған. Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуының алдын ала қорытындылары туралы ақпарат сағат 22.00-де жарияланады

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 63,1 проценті дауыс берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтеріне сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарында Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санынан 63,1%-і алды.

Өңірлер арасында:

  • Ақмола облысы – 72,8%,
  • Ақтөбе облысы – 57, 7%,
  • Алматы облысы –73,5 %,
  • Атырау облысы –  55,5%,
  • Батыс Қазақстан облысы – 61,5 %,
  • Жамбыл облысы – 72,2%,
  • Қарағанды облысы – 70,7%,
  • Қостанай облысы –  71,8%,
  • Қызылорда облысы – 72,7%,
  • Маңғыстау облысы – 54,0 %,
  • Павлодар облысы – 71,3%,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 75,5%,
  • Түркістан облысы – 65,8 %,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 72,4 %,
  • Алматы қаласы – 30,3%,
  • Шымкент қаласы –  56,5%,
  • Нұр-Сұлтан қаласы –45,1 %.

Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуының алдын ала қорытындылары туралы ақпарат сағат 22.00-де жарияланады.

Жексенбі, 10 қаңтарда Қазақстанда парламенттің төменгі палатасы – мәжіліске депутаттарды сайлау өтті. Дауыс беру елорда уақытымен 07:00-ден 20.00-ге дейін жалғасты. 

53 мемлекетте Қазақстанның шет елдердегі өкілдіктері жанынан 66 сайлау учаскесі ашылды. АҚШ пен Канададағы қазақстандық сайлаушылар дауыс беруді 11 қаңтар Нұр-Сұлтан уақытымен 07.00-де аяқтайды. 

Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауының қорытындысын жеті күн ішінде – 2021 жылдың 17 қаңтарына дейін жариялайды.

Жаңалықтар
0