Қоғам

Дауыс беру кезіндегі кезекке халық түсіністік танытып отыр – бақылаушы

© Sputnik / Владислав ВодневГенеральный секретарь Совета МПА СНГ Дмитрий Кобицкий
Генеральный секретарь Совета МПА СНГ  Дмитрий Кобицкий - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирус пандемиясына қарамастан бүгінгі сайлау алдыңғы жылдардағыдай өте ұқыпты ұйымдастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар — Sputnik. ТМД Парламентаралық ассамблеясы кеңесінің бас хатшысы Дмитрий Кобицкий Қазақстандағы парламенттік сайлауды ұйымдастыруға баға беріп, оны алдыңғы сайлаулармен салыстырды.

"Бүгінгі күні біз ұлттық бақылаушылармен де сөйлестік. Біз барған сайлау учаскелерінің ешбірінде ұлттық бақылаушылар учаскелік сайлау комиссияларының жұмысына шағым білдірген жоқ және дауыс беру процесіне, оны ұйымдастыруға ешқандай ескерту жасалмады" - деді Кобицкий Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында өткен брифингте.

Ол Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 20:00-де дауыс беру аяқталғанға дейін ешқандай ескерту болмайды деп үміт білдірді.

"Дәстүр бойынша Қазақстанда барлығы дұрыс өтеді және өте сапалы ұйымдастырылған", - деді ол.

Кезінде Дмитрий Кобицкий Қазақстандағы президенттік сайлауға қатысқан болатын. Ол сол саяси шараның қазіргі сайлаудан айтарлықтай айырмашылығы бар екенін атап өтті.

Ең алдымен, бұл коронавирус пандемиясымен байланысты. Қазір барлық учаскеде бетперде, қолғап пен қорғаныш экрандарын тарату ұйымдастырылған. Сонымен қатар, сайлауға дауыс берушілердің дене қызуын өлшейтін еріктілер көптеп тартылған.

"Шын мәнінде, біз барлық елде сайлау кезінде еріктілердің мұндай көп санын көре бермейміз. Әйтсе де, кейбір елдерде олар бар. Алдыңғы жылдары мұны ұйымдастыру әлдеқайда жеңіл болғаны анық. Қазір әлеуметтік арақашықтықты сақтау керек. Сондықтан, кей учаскелерде кезек туындап жатқанына халық түсіністік танытып отыр. Басқа амал жоқ", - деді бас хатшы.

Оның айтуынша, бүгінгі сайлау дауыс беруге қатысып отырған қазақстандықтарды бекітілген эпидемиологиялық нормаларды сақтауға міндеттейді.

Жаңалықтар
0