Қоғам

Алматыда қырғызстандықтар президент сайлауы мен басқару формасына қалай дауыс берді

© Sputnik/ Ольга ТонконогҚырғызстандағы президент сайлауы мен басқару формасына дауыс беріп жатқан сәт
Қырғызстандағы президент сайлауы мен басқару формасына дауыс беріп жатқан сәт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда Қырғыз елінің азаматтары электронды жәшік пен биометриялық тексеру және екі бюллетеньде президент сайлауы мен басқару формасын таңдау бойынша қалай дауыс бергенін Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз

АЛМАТЫ, 10 қаңтар – Sputnik. Қырғызстанда 10 қаңтарда кезектен тыс президент сайлауы және басқару формасын таңдау бойынша референдум өтіп жатыр. Sputnik Қазақстан тілшісі қырғызстандықтардың Алматыда қалай дауыс бергенін біліп қайтты.

2015 жылдан бастап көрші республикада дауыс беруге арналған жәшіктердің орнына электронды жәшіктер пайдаланылады. Ол автоматты түрде белгілі бір кандидатқа берілген дауыстарды есептейді. Сағат 20:00-де дауыс беру аяқталғаннан кейін нәтиже автоматты түрде ОСК-ға жіберіледі. Содан кейін қате кетіп қалмауы үшін дауысты қайта санайды. Дауыс беруге арналған бюллетеньдер консулдыққа шамамен бір апта бұрын жеткізілді.

Бүгін Қырғызстанның әрбір сайлау учаскесінде екі жәшік болды. Бірі президент үшін дауыс беруге арналса, екіншісі басқару формасын таңдауға арналған. Дауыс берушілер сайлауда дауыс беру мен референдумда дауыс беруден бас тарта алады.

"Азамат келеді, саусақ іздері және бет-әлпеті бойынша сәйкестендіру тексеріледі. Содан кейін экранға оның фотосы шығады, яғни азамат сәйкестендіруден сәтті өтті. Содан кейін оған екі бюллетень беріледі, дауыс берген соң жәшікке тастайды. Содан кейін азамат дауыс беру бөлмесінен шығады. Дауыс беру 08.00-ден 20.00-ге дейін жалғасады", – деді сайлау учаскесінің төрағасы Қайратбек Жақыпов.

20:00-де бүкіл жүйе тоқтған кезде дауыстар саналып, автоматты түрде дауыс бергендердің санын, сондай-ақ белгілі бір кандидатқа немесе басқару формасына қанша дауыс берілгенін көрсетеді.

Қырғызстандағы кезектен тыс сайлау

2021 жылдың 10 қаңтарында Қырғызстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Бастапқыда оған 63 үміткер қатысқысы келген. Алайда сайлауда 17 кандидат бақ сынап жатыр.

Сондай-ақ, бүгін Қырғызстанда президенттік сайлаумен қатар басқару жүйесін таңдау бойынша референдум өтіп жатыр. Оған үш нұсқа ұсынылды: президенттік, парламенттік және "бәріне қарсы".

Дауыс беру нәтижелері

Қырғызстан заңы бойынша, президент сайлауында дауыс бергендердің жартысынан көбі таңдаған кандидат жеңіске жетеді. Олай болмаған жағдайда екінші тур жарияланады. Ол кезде үміткер референдум бойынша сайлаушылардың жалпы санының 30%-тен астам дауысына иелік ету керек.

ОСК деректері бойынша 16:00-де президент сайлауына қатысу 26,59%-ті, референдумға қатысты дауыс беру 26,55%-ті құрады.

Оқи отырыңыз: Қазақ-қырғыз шекарасындағы "Қордай" бекеті уақытша жабылғалы жатыр

Жаңалықтар
0