Қоғам

Мәжіліс сайлауы: қай өңір тұрғындары белсенді екені хабарланды

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматинцы голосуют на выборах
Алматинцы голосуют на выборах - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Соңғы мәліметке сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының сайлаушылары ең белсенді болған. Ал алматылықтар, керісінше, ең соңғы орында

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар — Sputnik.  Сағат 18:00-дегі мәлімет бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 58,2%-і сайлау бюллетенін алды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев мәлімдеді.

"2021 жылдың 10 қаңтарында елорда уақытымен 18:00-дегі мәлімет бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 58,2%-і сайлау бюллетенін алды", - деді Дауылбаев брифингте. 

Мәселен, 2016 жылы сағат 18:00-дегі мәлімет бойынша дауыс берушілердің 75,16%-і сайлау бюллетенін алған болатын.

Жаңалықтар
0