Қоғам

Ғажайып сыйлық: Ақтау полициясы екі жасар баланың арманын орындады

© Photo : пресс-служба департамента полиции Восточно-Казахстанской областиПолиция көлігі
Полиция көлігі  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлер отандастарын қорғауды армандайтын балалардың тілегін орындау бұл үлкен қуаныш екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Ақтаулық полицейлер нағыз патрульдік көлікке мінгісі келген екі жасар Иса есімді баланың жаңа жылдық арманын орындады.

Баланың анасы Instagram желісі арқылы Ақтау полиция бөліміне хабарлама жазған. Хатта бүлдіршіннің полицей болуды армандайтыны және "шынайы патрульдік көлікке отырғысы келетіні" туралы айтылған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер бүлдіршінді бір сәт қуанышқа кенелтіп, арманының орындалуына атсалысты. Ақтаудағы жергілікті полиция қызметі полиция бөлімінің взвод командирі Айдар Абутханов пен батальонның кадр саясаты бөлімінің аға инспекторы Асхат Ибраев жаңа жыл қарсаңында кішкентай Исаға қызметтік көлікпен қонаққа келді.

Бала өз үйінің ауласында полицейлерді көргенде қатты таңғалып, анасымен бірге "ғажайып көлікке" отырып, серуендеді.

"Жаңа жылдық мереке кезінде балалардың тілегін орындау өте әсерлі. Маңызды және жауапты іс дер едім. Әсіресе, шырша астындағы кәмпиттерді ғана емес, болашақта отбасы мен достарын, жалпы отандастарын қорғауды армандайтындар үшін бұл үлкен қуаныш", – дейді полиция бөлімінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев.

Ал патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Есмұхан Төреғалиев сәбиге мерекелік сыйлықтар табыстады. Баланың анасы полиция қызметкерлеріне уақыт бөлгені үшін өз тарапынан алғыс айтты.

Оқи отырыңыз: Таксиде танысқан: полиция Көкшетауда болған жағдайға қатысты ақпарат берді

Жаңалықтар
0