НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев сағат 14:00-ге дейінгі жағдайға сай келушілердің санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 14.00-ге дейін сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санынан 43,9% алды", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2016 жылғы 20 наурызда өткен парламенттік сайлауда сағат 14:00-де дауыс берушілердің 60,22% қатысты.
Өңірлер мен қалалардағы дауыс беру көрсеткіштері:
- Ақмола облысы бойынша – 41,3%;
- Ақтөбе облысы бойынша – 41,1%;
- Алматы облысы бойынша – 43,0%;
- Атырау облысы бойынша – 37,3%;
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 47,5%;
- Жамбыл облысы бойынша – 55,1%;
- Қарағанды облысы бойынша – 51,6%;
- Қостанай облысы бойынша – 49,9%;
- Қызылорда облысы бойынша – 48,7%;
- Маңғыстау облысы бойынша – 36,0%;
- Павлодар облысы бойынша – 51,1%;
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 58,2%;
- Түркістан облысы бойынша – 46,6%;
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 48,8%;
- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 37,0%;
- Алматы қаласы бойынша – 21,9%;
- Шымкент қаласы бойынша – 44,5%.