Қоғам

Ішкі істер министрлігі парламент сайлауы туралы: қазір жағдай тұрақты

© Sputnik / Тимур БатыршинИзбиратель голосует на участке №235 в Алматы
Избиратель голосует на участке №235 в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республика бойынша құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті 40 мыңға жуық қызметкер қамтамасыз етіп жүр

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Республика бойынша сайлау учаскелерінде жағдай тұрақты. Қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол "Сайлау туралы" заңның 39-бабына сәйкес, полиция қызметкерлерінің сайлау процесіне араласуға, сондай-ақ, дауыс беруге арналған ғимараттың ішінде жүруіне құқығы жоқ екенін еске салды.

Олар тек комиссия төрағасы шақырған жағдайда ғана тәртіпсіздіктің жолын кесу үшін сайлау учаскесінің ішіне кіре алады.

"Сайлау учаскелерінің төрағаларынан полицейлерге мұндай өтініш әзірге түскен жоқ. Жалпы, қазіргі уақытта еліміздегі және сайлау учаскелеріндегі жағдай тұрақты. Қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ. Жағдай ішкі істер органдарының ұдайы бақылауында", - деді Заппаров орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айтуынша, елдегі сайлауға байланысты ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы күшейтілген режимге ауысты.

Құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті 40 мыңға жуық қызметкер қамтамасыз етіп жүр.

Оқиғаларға, оның ішінде сайлау учаскелерінде болуы мүмкін құқықбұзушылықтарға жедел ден қою үшін қосымша жедел-тергеу топтары құрылды. Олардың құрамында прокуратура қызметкерлері де бар.

Жаңалықтар
0