Қоғам

Бетперде мен арақашықтық, дәрігер мен полиция – Алматыда сайлау қалай өтіп жатыр

© Sputnik / Тимур НиталиевИзбиратели голосуют на участке №235 в Алматы
Избиратели голосуют на участке №235 в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республика бойынша 10 мыңға жуық сайлау учаскесі ашылды. Алматыда дауыс беру процесі қалай өтіп жатқанын Sputnik материалынан оқыңыз

АЛМАТЫ, 10 қаңтар – Sputnik. Бүгін республика бойынша мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Sputnik Қазақстан тілшісі Алматы қаласы тұрғындарының қалай дауыс беріп жатқанын сайлау учаскесі ішінде тұрып хабарлады.

№235 сайлау учаскесі тұп-тура сағат 07.00-де ашылды. Кіреберісте барлық азаматтың температурасы тексеріледі. Сондай-ақ, дезинфекциялық туннель қойылған.

Оқи отырыңыз: Сайлаушылардың 11,6 проценті дауыс беріп үлгерді – қай өңірлер алда келеді 

Сайлау комиссиясының мүшелері толықтай қорғаныс заттарымен қамтылған: медициналық және қорғаныс бетперделері, қолғап пен арнайы киім.

© Sputnik / Тимур Ниталиев№235 сайлау учаскесі тұп-тура сағат 07.00-де ашылды
Бетперде мен арақашықтық, дәрігер мен полиция – Алматыда сайлау қалай өтіп жатыр - Sputnik Қазақстан
№235 сайлау учаскесі тұп-тура сағат 07.00-де ашылды

Дауыс беруге арналған ғимарат ішінде әлеуметтік арақашықтық сақталған, еденде тиісті таңбалар көрсетілген.

Айта кетейік, сағат таңғы алтыдан бастап бұл жерде қазақстандық тәуелсіз бақылаушылар жұмыс істеп жатыр. Олардың да арасында арақашықтық сақталған: бір-бірінен бір метр қашықтықта отыр. Дәл осындай қашықтық комиссия мүшелері арасында да сақталған.

Бюллетень салуға арналған жәшіктер ортада тұр, ал кабиналар бір-бірінен арнайы пердемен бөлінген.

 

© Sputnik / Тимур Ниталиев№235 сайлау учаскесіндегі бюллетень салуға арналған жәшіктер
Бетперде мен арақашықтық, дәрігер мен полиция – Алматыда сайлау қалай өтіп жатыр - Sputnik Қазақстан
№235 сайлау учаскесіндегі бюллетень салуға арналған жәшіктер

Сондай-ақ, олардың жанында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған жеке кабина қойылған.

Айта кетейік, бұл сайлау учаскесінде дене қызуы көтеріліп тұрған азаматтар дауыс бере алатын арнайы бөлме жоқ.

"Кіреберісте температураны өлшейтін және дауыс берушінің жағдайын бағалайтын медбике отыр. Егер азаматтың дене қызуы болмаса, ол жалпы дауыс беру бөлмесіне кіре алады. Ал басқа жағдайда ол дауыс бере алмайды. Ондай жағдайда сайлаушыға дауыс беру үшін өтінішті үйде рәсімдеуді ұсынамыз", - деді №235 сайлау учаскесіне жауапты тұлға.

Учаскенің ашылу рәсімі кезінде Қазақстанның мемлекеттік әнұраны орындалды.

Ал алғашқы дауыс берушілер учаске ашылған соң бес минуттан кейін келді. Сайлау учаскесіне жауапты азаматтар дауыс берушілерден әлеуметтік арақашықтықты сақтауды талап етіп жүр.

"Алғаш рет сайлауда дауыс беріп тұрмын. 21 жастамын, бірақ бұған дейін шетелде тұрдым, сол себепті басқа сайлауға қатыса алмадым. Дауыс беру менің азаматтық парызым деген сеніммен келдім. Болашақта Қазақстан саясатын көбірек зерттеуді жоспарлап отырмын", - деді дауыс беруге бірінші болып келген Нұрхан.

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыдағы №235 сайлау учаскесінде сайлаушылар дауыс беріп жатыр
Бетперде мен арақашықтық, дәрігер мен полиция – Алматыда сайлау қалай өтіп жатыр - Sputnik Қазақстан
Алматыдағы №235 сайлау учаскесінде сайлаушылар дауыс беріп жатыр

Айта кетейік, Алматыда биыл сайлау учаскесіне бірінші болып келген адамға сыйлық берілмеді. "Өкінішті", - деді алматылық Нұрхан.

Азаматтар әр 10 минут сайын дауыс беруге келіп жатыр, санитарлық нормалар бұзылып жатқан жоқ. Ол жерде полиция қызметкерлері кезекшілікте жүр.

Температураны өлшегеннен кейін сайлаушылар дауыс беруге арналған кабиналарға өтеді, қажетті қағазды толтырады, бюллетень алады және кабинаға барып, дауыс береді.

Айта кетейік, осы учаскеде учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері де өз таңдауын жасайды. Жұмыс орнында дауыс беру үшін олар өзі тіркелген жерден есептен шыққан.

Жаңалықтар
0