Қоғам

Қазақстанда барлық сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті – ОСК

© Sputnik / Абзал КалиевПредставители избирательной комиссии на участке осматривают бюллетени для голосования
Представители избирательной комиссии на участке осматривают бюллетени для голосования - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республикадағы барлық 9 994 сайлау учаскесі, ал Қазақстанның шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы 17 сайлау учаскесі ашылды

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Таңғы сегіздегі жағдай бойынша республикада барлық сайлау учаскесінде дауыс беру басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін уақыт белдеуіндегі айырмашылыққа байланысты бес өңірде сайлау учаскелері бір сағатқа кеш ашылатыны хабарланған еді.

"Елорда уақытымен 08.00-дегі жағдай бойынша облыстық, Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларының сайлау комиссиялары ұсынған ақпаратқа сәйкес, ел бойынша дауыс беруге барлық 9 994 сайлау учаскесі, ал Қазақстанның шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанынан 17 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті", - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Константин Петров.

Ол шет елдердегі 49 сайлау учаскесі дауыс беруді уақыт белдеуіндегі айырмашылықтарға байланысты бастайтынын атап өтті.

Сондай-ақ, айтуынша, 9 қаңтарда жергілікті уақытпен 18:00-де өңірлерде есептен шығару куәліктерін беру аяқталды.

Учаскелік сайлау комиссиялары сайлаушылардың жазбаша өтінішімен мәжіліс сайлауында дауыс беру құқығына 10 599 есептен шығару куәлігін берді.

Парламент сайлауы-2021: Мамин өз таңдауын жасады 

"Осы есептен шығару куәлігімен азаматтар бүгін өздері жүрген өңірдегі кез келген учаскеде дауыс бере алады", - деді ОСК мүшесі.

Барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы бойынша 11 612 есептен шығару куәлігі берілген.

ОСК мәліметінше, сайлаушылар тізіміне барлығы 11 915 903 қазақстандық енді.

Қазақстанда барлығы 10 060 сайлау учаскесі бар. Соның ішінде 66 сайлау учаскесі 53 елде Қазақстанның шет мемлекеттегі өкілдіктері жанынан ашылған.

Жаңалықтар
0