Қоғам

Алтай Көлгінов кезекте тұрғандарға пәтер кілтін табыс етті

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуКлючи от квартиры
Ключи от квартиры - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осы айда жұмыс істейтін жастарға 350 пәтер беріледі. Сонымен қатар, 2021 жылдың соңына қарай тағы 1050 пәтер үлестірілмек

НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтанда халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын тұрғандарға пәтер кілті берілді. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында жазды.

"Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын тұрғындар әлеуметтік пәтер алды. Кезекпен пәтер алғандардың қатарында мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, зейнеткерлер, толық емес отбасылар, ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдар және тағы басқалар бар",- деп жазды қала әкімі Алтай Көлгінов.

Үй дамып келе жатқан Алматы ауданындағы Қошқарбаев көшесінде орналасқан. Жақын маңда оқу орындары, балабақшалар бар.

"2020 жылы мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғайды. Биыл әлеуметтік пәтер санын 8 мыңнан 10 мыңға дейін арттырамыз. Бұл пәтерлер тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде (Отбасы банк) кезекте тұрғандарға да берілмек", - деп толықтырды қала басшысы.

Оның айтуынша, осы айда жұмыс істейтін жастарға 350 пәтер беріледі. Сонымен қатар, 2021 жылдың соңына қарай жұмыс істейтін жастарға тағы 1050 пәтер үлестірілмек.

Айта кетейік, жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үй құрылысына үй құрылысы комбинаты көмектеседі. Инновациялық технологиялар құрылыс мерзімін қысқартуға, тұрғын үйдің өзіндік құнын төмендетуге және үйлердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан әкімі 2021 жылға жоспарланған тұрғын үй құрылысы жайлы айтты 

"Өткен айда тағы бір MODEX үй құрылысы комбинаты ашылды. Сонымен қатар, мемлекет "GLB" үй құрылысы комбинатының бірқатар мәселесін шешуге көмек көрсетті. Бұл сондай-ақ ұзақ құрылыс ұзаққа созылған үйлердің құрылысын қайта жандандыруға мүмкіндік береді", - дейді әкім.

Апатты жағдайдағы ескі үйлерді бұзу жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Осы айда 400 отбасы жаңа қауіпсіз пәтерлерге көшірілді. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бағдарламасы бойынша жөндеуді қажет ететін тұрғын үй кешендері жөнделіп, лифтілер ауыстырылады.

Жаңалықтар
0