Қоғам

Қазақстанда бір тәулікте қанша адам коронавирустан қайтыс болды

© Sputnik / Павел Львов / Медиабанкке өтуЖасанды тыныс алдырту аппараты, архивтегі сурет
Жасанды тыныс алдырту аппараты, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
9 қаңтардағы эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус пен пневмониядан 22 830 адам емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Өткен тәулікте коронавирустан төрт, ал COVID-19 белгілері бар пневмониядан үш адам көз жұмды.

Пандемия басталғалы коронавирустан 2 356 науқас, ал пневмониядан 522 пациент қайтыс болды.

Сондай-ақ, өткен тәулікте 28 адамда пневмония диагнозы расталды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп барады

9 қаңтардағы мәлімет бойынша, 22 830 адам короновирус инфекциясынан (10 874 КВИ+ және 11 956 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 5 383 пациент стационарда, 17 447 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Науқастардың арасында 283 адамның жағдайы ауыр, 49-ы – хәл үстінде, ал 46 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Жаңалықтар
0