Қоғам

Оны ұстап тұра алмадық – Назарбаев Айсұлтанның тәуелділіктен арыла алмағанына өкінді

© Фото со страницы в FacebookАйсултан Назарбаев
Айсултан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның тұңғыш президенті жиені Мәскеуде, Лондонда емделгенін, алайда жазылып, қайтадан сол іске оралып отырғанын атап өтті

АЛМАТЫ, 8 қаңтар – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жиені Айсұлтан Назарбаевтың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Хабар" телеарнасының эфирінде "Штрихи к портрету" деректі фильмінің үшінші бөлімі жарық көрді.  

"Менің үш қызымнан тамаша жиендерім бар. Өкінішке қарай, биыл (2020 жылы – Sputnik) маған өте ұқсас бір жиенімнен айырылып қалдық", - деді Назарбаев сұқбатында.

"Көп нәрсе айтылмай қалды": Нұрәлі Әлиев інісіне арналған видео жариялады 

Ол Айсұлтанның әртүрлі елдерде есірткіге тәуелділіктен емделгенін атап өтті.

"Оны ешқайда жібермеуге болатын еді, бірақ оны ұстап тұру мүмкін емес еді. Ол сол істің құлы болып кетті, тоқтай алмай қалды. Мәскеуде, Лондонда емдедік. Жазылып, қайтадан сол іске оралып отырды", - деді Елбасы.

Айта кетейік, Айсұлтан Назарбаев 2020 жылы Ұлыбританияда көз жұмды. Артында ұлы мен қызы қалды.

Жаңалықтар
0