Қоғам

Тоқаев қашықтан оқыту туралы заңға қол қойды

© Sputnik / Абзал КалиевДистанционное обучение. Школьники перед ноутбуками
Дистанционное обучение. Школьники перед ноутбуками - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Заңға енгізілген түзетулерде "қашықтан оқыту" ұғымы нақтыланып, оны жүргізу тәртібіне анықтама берілген

НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар — Sputnik. Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды. Бұл жөнінде Ақорда хабарлады.

Өткен жылдың соңында сенат депутаттары білім беру мәселелері туралы заңға енгізілген түзетулерді қабылдады. Өйткені қашықтықтан оқыту процесі пандемияға дейін заңмен бекітілмеген болатын.

"Оқушылар жарытып білім алмады": депутат дәстүрлі форматқа көшуді талап етті 

Түзетулерде "қашықтан оқыту" ұғымы нақтыланып, оны жүргізу тәртібіне анықтама берілген.

Сонымен қатар, заң типтік жоспарларды, бағдарламаны, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің сараптамасын, тестілеуді білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосына беруді қарастырады.  

Учитель в маске и перчатках в дежурном классе  - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Қашықтан оқытуды тағы бір жылға созады": ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме
Сондай-ақ, құжатқа оқулықтардың сапалы дайындалуын қамтамасыз ететін жекелеген нормалар енгізілді. Мониторингтің арнайы ережелері әзірленіп, бекітілді. Бұл сапалы оқулықтар дайындауға және авторлардың жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Заң жобасындағы тағы бір маңызды жаңалық – мемлекеттік білім беру саласын қосымша қаржыландыру. Қазір республикада 1 263 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. Бұл мекемелерде бір миллионнан астам бала білім алып жатыр.

Сонымен қатар, қосымша білім беру нысандарында, техникалық және кәсіптік ұйымдарда, колледждердегі балаларға арналған тауарлар мен қызметтерді сатып алу бойынша қызметтер мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңның редакциясынан алынып тасталды.

Студенттердің өндірістік тәжірибесі мен білім алу уақыты өндірістік еңбек өтіліне ресми түрде қосылады. Сондай-ақ, жоғары білім беру жүйесін дамытуға байланысты бірқатар норма да қарастырылды және олар жетілдірілді.

Заң жобасы Қазақстанның екі кодексі мен үш заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Жаңалықтар
0