Қоғам

Димаш Құдайберген АҚШ-тағы тәртіпсіздікке қатысты пікір білдірді

Жазылу
Қазақстандық әнші барша халықты зорлық-зомбылықсыз әлемде өмір сүру үшін жұдырықтай жұмылуға шақырды

АЛМАТЫ, 8 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Америка Құрама Штаттарында болып жатқан жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Мен АҚШ-та болып жатқан оқиғалар жақын арада шешіледі деп үміттенемін және сенемін. Сондай-ақ, біздің пікіріміз әртүрлі болса да, бір-бірімізді құрметтеуді үйренуіміз керек. Біз зорлық-зомбылықсыз әлемде өмір сүру үшін жұдырықтай жұмылуымыз қажет", - деп жазды Құдайберген Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық әншінің АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джозеф Байденнің инаугурациясы апталығының ашылу салтанатына қатысатыны хабарланды.

Оқи отырыңыз: Димаш Құдайберген АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылуына қатысады 

Коронавирус пандемиясына байланысты мереке 2021 жылдың 17 қаңтарында сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 6:00-ден 8:00-ге дейін) онлайн форматта ұйымдастырылады.

АҚШ-та не болып жатыр

7 қаңтарда Американың бұрынғы президенті Дональд Трамптың ондаған мың жақтаушысы президент сайлауының нәтижелеріне қарсы митингіге шықты. Олар Капитолийге бару үшін Ақ үйдің маңына жиналды.

Трамп бір күн бұрын Джорджия штатында сөйлеген сөзінде Ақ үйді Байденге "бермеуге" уәде берді. Америка көшбасшысы егер демократтар сенат пен әкімшілікті "басып алса", президенттік лауазым үшін "тозақ шайқасын" ұйымдастыру туралы жоспарын бөлісті.

АҚШ Конгресі қарашада өткен президент сайлауының нәтижелерін ресми түрде бекіту рәсімін бастады, сол кезде Трамптың жақтастары Капитолий қоршауынан (Конгресс ғимараты) өтіп, кешен ғимараттарының біріне кірді.

Капитолийдегі атыс кезінде АҚШ әскери әуе күштері ардагері Эшли Бэббитт көз жұмды. Тағы үш адам зорлық-зомбылық әрекетінен бөлек себептен қайтыс болды.

Митинг саябырлаған соң АҚШ Конгресі Капитолийдегі тәртіпсіздіктер мен Вашингтондағы коменданттық сағат кезінде Джо Байденнің АҚШ президенті болып сайлануын бекітті.

8 қаңтарда АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter парақшасы арқылы бейнеүндеу жасап, Вашингтондағы тәртіпсіздіктерге қатысқандардың заң алдында жауап беретінін мәлімдеді.

Жаңалықтар
0