Қоғам

Тәуекел Мүсілім тұңғыш рет әке атанды

© Photo : InstagramТауекел Мусилим
Тауекел Мусилим  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
32 жастағы актердің жары Махаббат Түктібаева ұл бала дүниеге әкелді. Әзірге сәбидің есімі хабарланған жоқ

АЛМАТЫ, 8 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық танымал актер Тәуекел Мүсілім әке атанды. Бұл туралы актердің өнердегі әріптестері әлеуметтік желіде хабарлап, құттықтау жолдап жатыр.

32 жастағы актердің жары Махаббат Түктібаева ұл бала дүниеге әкелді. Әзірге сәбидің есімі хабарланған жоқ.

Құттықтау жолдағандар арасында әнші Альбина Шардарова, спортшы Қуат Хамитов, журналист Аман Тасыған бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАУЕКЕЛ МУСИЛИМ (@mussilim)

Түктібаева Махаббат Қарағанды Медицина университетінде дәрігер мамандығын тәмамдаған. Оның өнер әлеміне қатысы жоқ болса да, бүгінде модель ретінде көпшілікке таныс.

Айта кетейік, екі жас 2019 жылы шаңырақ көтерген еді.

"Ағайын-туысқа беташар болды. Апамның алдынан өтіп, үлкендердің батасын алдық. Той бұйырса, келесі жылы болады. Жақындарым, ешкім қалып қойған жоқ уайымдамаңыздар", - деп жазды Мүсілім 2019 жылы.

Алайда коронавирус пандемиясына байланысты екі жас көпшілікті жинап, үлкен той өткізуден бас тартты.

Жаңалықтар
0