Қоғам

Қазақстанның алты қаласында "театр" алаяқтық жасады

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуСтрочки с цифрами на экранах компьютера и ноутбука
Строчки с цифрами на экранах компьютера и ноутбука - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алаяқтар театрға барғысы келген тұрғындардың ақшасын жымқыруға тырысқан. Театрға билет алғысы келгендердің банк карталары бұғатталып, шығынға ұшырады     

НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар — Sputnik. Драма театрдың жалған сайты қазақстандық қолданушылардың ақшасын жымқыруға тырысқан, деп хабарлайды KZ-CERT компьютерлік оқиғаларға жауап қату қызметі.  

KZ-CERT Facebook желісіндегі парақшасында пайдаланушылардың dramtheatrkz.ru фишингтік интернет-ресурсына шағым түсіргенін хабарлады. Қазақстанның алты қаласында осы сайт арқылы билеттер сатылған.

"Алаяқтар драма театрдың ресми сайты ретінде таныстырған фишингтік интернет-ресурс қазақстандық интернетте жарнама жасау арқылы арқылы таралған. Бір қарағанда алаяқ интернет-ресурсты ресми сайттан ажырату қиын", - деп жазылған KZ-CERT ақпаратында.

Фишингтік сайттың парақшасында қойылатын спектакльдер мен рөлді сомдаушылар туралы толық ақпарат жазылған.

Спектакльді таңдап, "сатып алу" батырмасын басқаннан кейін пайдаланушыға мына мәліметтерді толтыру ұсынылады: аты-жөні, телефоны, көрсетілген тізімнен қаланы таңдау (Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Шымкент және Павлодар), спектакль уақыты мен орнын таңдау. Осы ақпараттарды толтырғаннан кейін төлем батырмасы арқылы пайдаланушыға 16 500 теңге көлемінде билет ақысын төлеу ұсынылады. Ал шындығында батырма фишингтік үлгіге бағытталып, ол жерде пайдаланушылардың жеке мәліметтері, банк картасының реквизиттері мен CVV-код сұралады. Осы мәліметтердің барлығы толтырылғаннан кейін де пайдаланушыға өзі сатып алған билет келмейді.

Оқи отырыңыз: Ақтөбелік балгер клиенттің 400 мың теңгесін алдап алған 

"Осы оқиғаға талдау жасау KZ-CERT сарапшыларына Ресейдің Гончаров атындағы драма театры ретінде ұсынылған фишингтік ресурсты анықтауға мүмкіндік берді. Ресей театрларының басқа ресми сайттарымен салыстыру және талдау жүргізу барысында анықталған фишингтік ресурстар "Комедиант баспанасы" Петербург мемлекеттік драма театрының мәліметтерін көшіріп алғаны белгілі болды", - деп мәлімдеді KZ-CERT қызметіндегілер.

Қазір айлакерлік сайт ресейлік әріптестердің көмегінің арқасында Қазақстанда бұғатталды.

Жаңалықтар
0