Қоғам

Ашаршылықтан қырылмағанда, халқымыздың саны әлденеше есе көп болар еді – Тоқаев

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы ашаршылыққа қатысты ала-құла деректер және оның себеп-салдары жайлы әртүрлі көзқарастар қоғамды адастыратынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ашаршылыққа қатысты тарихи құжаттарды мұқият зерделеп, жан-жақты зерттеуді тапсырды. Президент ашаршылық мәселесіне мемлекет тарапынан баға берілуі тиіс екенін айтты.

"Миллиондаған адамды қазаға ұшыратып, тірі қалғанын жан сауғалап босып кетуге мәжбүр еткен алапат ашаршылықтың алғашқы кезеңі – 1921-1922 жылдардағы нәубеттен бері 100 жыл өтті. Сол зұлматтың кесірінен қырылып қалмағанда, халқымыздың саны қазіргіден әлденеше есе көп болар еді", - деді президент "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған мақаласында.

Мемлекет басшысы тарихтың осы ақтаңдақ беттері әлі күнге дейін жан-жақты зерттелмей келе жатқанын атап өтті. Тіпті, ғалымдардың арасында ашаршылық құрбандарының нақты саны туралы ортақ пайым жоқ. Ала-құла деректер және оның себеп-салдары жайлы әртүрлі көзқарастар қоғамды адастырады.

"Тиісті тарихи құжаттарды, жиналған мәліметтерді аса мұқият зерделеу керек. Білікті мамандар жүйелі зерттеумен айналысып, соған сәйкес ашаршылық мәселесіне мемлекет тарапынан баға берілгені жөн. Біз бұл күрделі мәселеге ұстамдылықпен және жауапкершілікпен қарауымыз қажет. Жалпы, тарихи зерттеулерді ұраншылдық пен даңғазасыз, таза ғылыми ұстаныммен жүргізген дұрыс", - деді Тоқаев.

Тағы оқыңыз: Президент Наурыз мейрамын тойлауға қатысты ұсыныс жасады

Сондай-ақ, президент өз мақаласында Желтоқсан оқиғасына да тоқталды.

"Биыл әйгілі Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толады. 1986 жылы өрімдей ұл-қыздарымыз Кеңес Одағының қаһарынан қаймықпай, ұлт намысы үшін алаңға шықты. Осы күннен соң тура бес жыл өткенде Тәуелсіздігімізді жариялауымыздың символдық мәні зор. Бұл орайда, азаттықтың алғашқы қарлығаштары – Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігі лайықты бағасын алып, жоспарлы түрде насихатталуы керек", - деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев мақаласында қазаққа ұлан-ғайыр жерді сырттан ешкім сыйға тартпағанын мәлімдеген болатын.

Жаңалықтар
0