Қоғам

Қазақстанда өлім жазасы алынып тасталды

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСот отырысы, архивтегі сурет
Сот отырысы, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Халықаралық құжатқа қол қоюшы елдер өлім жазасын қолданбау, өз юрисдикциясы аясында өлім жазасының күшін жою үшін барлық қажетті шараларды орындау міндеттемесін қабылдайды

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші Факультативтік Хаттаманы ратификациялау туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстанда өлім жазасына 2003 жылы желтоқсанда мораторий енгізілген болатын.

Биыл қыркүйектің соңында Қазақстан екінші Факультативтік хаттамаға қол қойды. Ал халықаралық шарттар туралы заңнамаға сәйкес, ондай құжаттар міндетті түрде парламентте ратификацияланады. Мәжіліс заң жобасын мақұлдады. Сенат депутаттары да хаттаманы ратификациялауға келісім берді.

Тағы оқыңыз: "Әлі де жеңілдеу": сенат депутаты кімді өлім жазасына кесу керек екенін айтты

Халықаралық құжатқа сәйкес, қол қоюшы елдер өлім жазасын қолданбау, өз юрисдикциясы аясында өлім жазасының күшін жою үшін барлық қажетті шараларды орындау міндеттемесін қабылдайды. Өлім жазасын тек соғыс уақытында қолдануға рұқсат етіледі.

Қазақстан екінші факультативті хаттаманың 2-бабына сәйкес, соғыс уақытында жасалған әскери аса ауыр сипаттағы қылмыстар үшін кінәлі деп танылғаннан кейін, соғыс уақытында өлім жазасын қолдану құқығын өзіне қалдырады.

Жаңалықтар
0