Қоғам

Тоқаев жаңа жылдың алғашқы күнінде кімдерге ризашылық білдірді

CC0 / / Пульт дистанционного управления от телевизора
Пульт дистанционного управления от телевизора - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мемлекет басшысының жаңа жыл түніндегі бағдарламаларға көңілі толғанын жеткізді

АЛМАТЫ, 1 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық телеарналардағы бағдарламаларды көріп, ризашылығын білдірді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Барша отандасымыз Жаңа жылды қазіргі жағдайға сәйкес қауіпсіздік шараларын сақтай отырып өз шаңырағында қарсы алды. Бұрынғыдай үй-үйге қонаққа барып, қаланы аралап, алаңға жиналып, мерекелік көңіл-күйдің жоғары нотасын ұстап жүретіндей емес. Осындай кезде отандық телеарналар халыққа уақытты тиімді өткізудің жолын ұсынып, мерекелік бағдарламалар жасады", - деп жазды Уәли.

2021 жыл: Тоқаев қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады 

Сонымен қатар бағдарламалардың ән мен әзіл, танымдық ақпаратты қатар таратып, көпшілікке жаңажылдық көңіл күй сыйлағанын айтып өтті.

"Отандық эстрада жұлдыздары осынау қиын кезде экранның арғы бетінен халықтың көңілін көтеріп, ақжарма тілектерін әуезді әуенмен жеткізді. Нағыз мерекелік атмосфераны қалыптастыра алды. Бір бағдарламаның артында тұтас ұжымның үлкен еңбегі жатқанын білеміз. Еңбек ақталды, бағдарламалар көрермен көңілінен шықты деп сенеміз. Осы орайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы отандық телеарналардағы бағдарламаларды көріп, көңілі толып, ризашылығын білдіріп жатқанын айтқым келеді", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, мемлекет басшысы мереклік құттықтау сөзінде халықтың күрделі кезеңде бір-біріне қол ұшын созып, жанашырлық танытқанын айтты.

Жаңалықтар
0