Қоғам

Жаңа жыл телефонға қауіп төндіреді

CC0 / Dariusz Sankowsk / Капли воды на смартфоне
Капли воды на смартфоне - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Смартфонда сақталатын мәліметтерді міндетті түрде резервке көшірме жасап отыру керек. Өйткені телефон күтпеген жерден істен шығуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан — Sputnik. Жаңа жыл мерекесінен кейін қызмет көрсету сервистерінің көмегіне жүгінетін смартфон иелері көп болады. Жаңа жылда құрылғыларға қандай қауіп төнетінін Hi-Tech Mail.ru жетекшісі Дмитрий Рябинин айтты.

"Коронавирус пандемиясына байланысты бұқаралық шаралар болмайды. Сондықтан биыл телефонды сындыру, құлатып алу жағдайлары аз болады, бірақ қауіп әлі де сақталады", – деді ол Sputnik радиосына.

Оның айтуынша, телефонда сақталған мәліметтерге мереке күндері қауіп төнеді. Сондықтан резервтік көшірме жасап, оларды басқа құрылғыда сақтауға кеңес беріліп отыр.

"Телефон істен шыққан жағдайда барлық деректерді резервтік көшірмеден алып, жаңа телефонға салуға болады", – деді Дмитрий Рябинин.

Жаңалықтар
0