Қоғам

Қазақстанда Жаңа жылға орай ұшақ рейстерінің кестесі жарияланды

© Photo : РСК АлматыСамолет в аэропорту Алматы
Самолет в аэропорту Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Халықаралық әуе рейстер Жаңа жыл қарсаңында 12 елде 19 бағыт бойынша орындалатын болады. Сондай-ақ, осы кезеңде жергілікті авиажелілер бойынша ұшу кестесі өзгеріссіз қалады

АЛМАТЫ, 29 желтоқсан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 30 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығындағы ұшақтар кестесін жариялады.

Халықаралық әуе рейстері 12 елге 19 бағыт бойынша орындалатын болады. Барлығы 54 рейс жоспарланған:

  • Біріккен Араб Әмірліктеріне – 16;
  • Түркияға – 10;
  • Өзбекстанға – 6;
  • Беларусь пен Германияға – 4 рейстен;
  • Мальдив аралдарына – үш;
  • Оңтүстік Кореяға, Нидерландыға, Египетке, Ресей мен Қырғызстанға – екі рейстен;
  • Украинаға – бір рейс.

Сондай-ақ, осы кезеңде жергілікті әуе желілері бойынша ұшу кестесі өзгеріссіз сақталады. Рейстердің ұшу уақыты мен күнін әуекомпаниялар мен әуежайдың сайтынан көруге болады.

Жаңалықтар
0