Қоғам

Енді қазақстандықтар балықты көп жейді – үкімет бағдарлама қабылдады

© Photo : Pixabay / Anna SulenckaЖареная рыба
Жареная рыба - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Балық өнімінің экспорты қазір 30 тонна болса, 2030 жылға қарай жылына 136 тоннаға дейін өседі. Өндірісті ұлғайту импортты жылына жиырма бес тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік береді

НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан – Sputnik. Үкімет 2030 жылға дейін балық шаруашылығы саласын дамыту бағдарламасын қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мамин балық шаруашылығы әлемде, сондай-ақ, Қазақстанда да серпінді дамып келе жатқан перспективалы бағыттардың бірі екенін атап өтті. 

"Мамандардың пікірі бойынша еліміздің балық саласын дамыту бойынша елеулі әлеуеті бар. Балық шаруашылығы саласын дамыту үшін оңтайлы жағдайлар жасауға, балық өсіру шаруашылығы құрылысы кезінде шығындарды қысқартуға, саланы одан әрі дамытуға серпін беретін заңнамалық түзетулер парламентте қаралуда. Бағдарламаны іске асыратын болсақ, бұл айтарлықтай экономикалық әсер береді", деді премьер-министр үкімет отырысында. 

Мәселен, айтуынша, балық өнімінің экспорты қазір 30 тонна болса, 2030 жылға қарай жылына 136 тоннаға дейін өседі. Яғни, өндірісті ұлғайту импортты 45 тоннадан жылына 25 тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, балықты ішкі тұтыну екі есе ұлғаяды. Бұдан басқа, балық саласын дамыту 50 мыңға дейін жұмыс орнын құруға сеп болады.

Жыл сайынғы балық өсіру көлемі 30 есе артып, биылғы 9 мың тоннадан 2030 жылы 270 мың тоннаға дейін жетеді.

"Жалпы Экология министрлігінің ұсыныстарын қолдаймыз. Балық шаруашылығы саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасының ұсынылған жобасы мақұлданады", - деді ол.

Үкімет мүшелері қаулыға дауыс берді, бағдарлама қабылданды. 

Премьер экология министрлігіне бағдарламаның уақытылы орындалуын және балық шаруашылығы саласын дамыту көрсеткіштеріне қол жеткізуді тапсырды.

Жаңалықтар
0