Қоғам

Назарбаев қорғаныс министріне тапсырма берді

© Photo : Елбасының ресми сайтыНұрсұлтан Назарбаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ермекбаев Елбасыға 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қарулы күштердің жауынгерлік және жедел дайындығы нәтижелері туралы баяндады

НҰР-СҰЛТАН, 28 желтоқсан – Sputnik. Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлады Elbasy.kz.

Первый президент Казахстана Нурсултан Назарбаев проголосовал на 58 избирательном участке в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Нұрсұлтан Назарбаев Елбасы ретіндегі миссиясын атады
Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қарулы күштердің жауынгерлік және жедел дайындығы нәтижелері, сондай-ақ оны жетілдіру бағытында қабылданған шаралар туралы баяндалды.

Сонымен бірге қорғаныс министрі әскери медицинаның дамуы және Қарулы күштердің COVID-19 пандемиясына қарсы іс-шараларға атсалысқаны жөнінде айтып берді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Жаңалықтар
0