Қоғам

Санитарлық авиация қызметі екі айлық сәбиді Омбыдан Нұр-Сұлтанға жеткізді

© Photo : посольство Казахстана в РоссииНұр-Сұлтан қаласындағы жедел-жәрдем көлігі
Нұр-Сұлтан қаласындағы жедел-жәрдем көлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нәрестені астанаға жеткізер алдында дәрігерлер оның сырқаттану деректерін мұқият зерделеп, бірден қарқынды емдеуді бастады

НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан – Sputnik. Ауыр халдегі екі айлық сәби Омбыдан Нұр-Сұлтанға жеткізілді. Нәресте Қазақстан азаматы болып табылады.

Ол осы кезге дейін Омбыдағы жергілікті облыстық ауруханада жатқан. Оны жедел түрде Нұр-Сұлтанға жеткізу қажет болды, деп хабарлады Ресейдегі Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметі.

Нәрестені астанаға жеткізер алдында дәрігерлер оның сырқаттану деректерін мұқият зерделеп, бірден қарқынды емдеуді бастады. Алайда, баланың диагнозы әлі де нақтыланбаған.

Тасымалдауды ұйымдастыруға Қазақстанның Омбыдағы консулдығы мен денсаулық сақтау және сыртқы істер министрлігі атсалысты.

Оқи отырыңыз: Бес адамның өмірін қиған Павлодардағы жол апаты туралы жаңа деректер шықты

Қазіргі кезде науқастың жағдайы нашарлаусыз тұрақты. Дәрігерлер қажетті емдеу шараларын жүргізуде.

Жаңалықтар
0