Қоғам

Тоқаев балаларға Жаңа жылға тарту жасады

© Photo : pixabay/SoledadsnpПодарки
Подарки - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан президентінің атынан жетім және ерекше білім беру қажеттіліктері бар 200 балаға сыйлық берілді

НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордада жетім және ерекше білім беру қажеттіліктері бар 200 балаға жаңажылдық сыйлық табыстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қаланың білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова карантинге байланысты балалар үшін жаңажылдық шаралар онлайн өтетінін атап өтті. 

Айтуынша, Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан президентінің атынан жетім және ерекше білім беру қажеттіліктері бар 200 балаға сыйлық берілді. 

"Балаларға жаңажылдық сыйлықтар, атап айтқанда, президенттің құттықтау хаты, кітап және "Орчестра" дүкенінен киім сатып алуға 100 мың теңгеге сертификат, тәттілер мен үстел ойыны табысталды", - деді Қадырова әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында.  

Сонымен қатар, бүгін, 25 желтоқсанда Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов тұрмысы төмен, көпбалалы және толық емес отбасылардың балаларына және әртүрлі жетістіктерге жеткен дарынды 450 балаға жаңажылдық сыйлық табыстайды. Сыйлықтарды Аяз ата мен Ақшақар үйді-үйге барып салтанатты түрде сыйлайды. 

Сондай-ақ, басқарма басшысы оқушылардың қысқы демалысы қалай ұйымдастырылатынына тоқталды. 

Әр мектепте әзірленген іс-шаралар жоспары аясында "Жаңа жылдық астана" фото-акциялары, "Аяз ата шеберханасы" интернет-конкурстары, "Қауіпсіз демалыс" интерактивті ойындары, "Экошырша" шеберлік сыныптары, "Үздік жаңажылдық құттықтау" челлендждері және мерекелік шаралар өткізіледі. 

Ол карантиннің қатаңдатылуына байланысты барлық шара онлайн режимде өтетінін еске салды. 

Айта кетсек, оқушылардың қысқы демалысы 31 желтоқсанда басталып, 10 қаңтарға дейін жалғасады. 11 қаңтарда үшінші тоқсан басталады.

Жаңалықтар
0