Қоғам

Жаңа қаулы: Нұр-Сұлтан тұрғындары нені білуі тиіс

© Sputnik / Владислав ВодневВиды Нур-Султана
Виды Нур-Султана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Табиғат аясына көп адам болып жиналып, топпен шығуға тыйым салынады. Тек бір отбасының мүшелеріне ғана рұқсат берілген

НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда жаңажылдық ертеңгіліктер мен корпоративтер өткізілмейді. Қалада бұқаралық, спорттық шараларды өткізуге әлі де тыйым бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Елорданың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылданған шектеулер мен тыйымдарға тоқталды.

Тұрғындарға бұқаралық, спорттық, басқа да жаппай іс-шаралар, соның ішінде жаңажылдық ертеңгіліктер мен корпоративтерді өткізуге тыйым салынған.

"Отбасылық, еске алу шараларына, банкеттерге, үйлену тойына, мерейтойға, ас беруге тыйым салынады. Бұларды үйде де өткізуге болмайды", - деді Пірәлиева онлайн баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, митинг, шеру өткізуге де рұқсат етілмейді.

Табиғат аясына көп адам болып жиналып, топпен шығуға тыйым салынады. Тек бір отбасының мүшелеріне ғана рұқсат берілген.

Қызметі жанданбаған бильярд, караоке, боулинг орталықтар, компьютер және ойын клубтары, түнгі клубтар, балалар ойын алаңдары, аттракциондар, батут, букмекерлік кеңселерге баруға болмайды.

Қалада және қоғамдық орындарда 65 жастан асқан адамдардың қозғалысы шектелді.

Бұдан бөлек, жаңа қаулыға сәйкес, қоғамдық көлік жұмыс, демалыс және мереке күндері 06.00-ден 23.00-ге дейін жүреді.

Жаңалықтар
0