Қоғам

Оқушылар коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға міндеттеле ме – министр жауабы

© Sputnik / Абзал КалиевКарагандинский фармацевтический комплекс
Карагандинский фармацевтический комплекс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Вакцинаны әзірлеуге қатысты сұрақтар білім және ғылым министрлігінің құзыретіне жатады, ал одан кейінгі вакцинациялау мәселесіне ведомствоның қатысы жоқ, деді Аймағамбетов

НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда оқушылар коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға міндеттелмейді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ешкімді мәжбүрлемейді, мәжбүрлеп те жатқан жоқ. Біз бірнеше жыл бұрын мектептердегі медицина бөлігін денсаулық министрлігіне тапсырған едік. Осы мәселе бойынша біздің әріптестерден сұрай аласыз. Бірақ, біреуді мәжбүрлеу туралы сөз қозғалып отырған жоқ", - деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Аймағамбетов отандық вакцина қазір клиникалық зерттеудің үшінші фазасынан өтіп жатқанын айтты.

"Наурыз айының ортасына қарай осы вакцинаны шығарып, азаматтарға егуді жоспарлап отырмыз. Бірақ, бұл жерде мен мынаны ескерткім келеді: жалпы вакцинаны әзірлеуге, ғылыми бөлігіне қатысты сұрақтар білім және ғылым министрлігінің құзыретіне жатады, ал одан кейінгі вакцинациялау мәселелері біздің құзыретке кірмейді", - деді ол.

Бұған дейін министр коронавирусқа қарсы отандық екпені салдырғаннан кейін өзін қалай сезінетінін айтқан еді. Аймағамбетов қазақстандық вакцинаны осы жылдың тамызында алған.

Жаңалықтар
0