Қоғам

COVID-19: астаналық дәрігерлерге қанша көлемде жәрдемақы төленгені айтылды

© AP Photo / Bernat ArmangueМедик проходит санитарную обработку в защитном костюме в больнице с коронавирусом
Медик проходит санитарную обработку в защитном костюме в больнице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жәрдемақы алғандар санатында науқастарды емдеуге қатысқан дәрігерлермен қатар, жедел жәрдем жүргізушілері мен мобильді топ, уақытша ауруханалардың қызметкерлері де бар

НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда коронавируспен күреске қатысқан медицина қызметкерлері биыл 13 миллиард теңге көлемінде жәрдемақы алды.

Бұл туралы сейсенбіде Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында өткен онлайн брифинг барысында қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова мәлімдеді.

Ол коронавирустық инфекциямен күресу бойынша эпидемияға қарсы шараларға қатысқан және осы күндері қатысып жүрген медициналық қызметкерлерге жәрдемақы төленгенін атап өтті.

"Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес үш тәуекел тобы анықталды – өте жоғары, жоғары және орташа деңгей. Осы тәуекел топ қатарында еңбек еткен 8 мың медицина қызметкеріне төлем жүргізілді. Оның жалпы сомасы 13 миллиард теңгені құрады", – деді Рүстемова.

Жәрдемақы алғандар санатында дәрігерлер мен жұқпалы аурулар ауруханаларының орта медициналық және кіші медициналық қызметкерлері, науқастарды емдеуге қатысқандар, жедел жәрдем көлігі, мобильді топ өкілдері бар. Сондай-ақ, олардың арасында уақытша ауруханалар мен бөлімдердің медициналық қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілері де енген.

Оқи отырыңыз: Тоқаев арнаулы жәрдемақы кімдерге төленетінін айтты

Айта кетейік, бірінші тәуекел тобының медицина қызметкерлері – 850 мың теңге, екінші топқа – 425 мың теңге, ал үшінші топқа – 212 мың теңге көлемінде жәрдемақы алды.

Жаңалықтар
0