Қоғам

Мереке және демалыс күндері сауда ойын-сауық орталықтары қалай істейді

© Sputnik / Руслан Кривобок / Медиабанкке өтуБутик, торговый центр
Бутик, торговый центр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Роза Қожапова Нұр-Сұлтан қаласы "қызыл" зонада тұрса да, елордаға кіріп-шығуға шектеу жоқ екенін нақтылады

НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Роза Қожапова алдағы мереке және демалыс күндері сауда ойын-сауық орталықтары қалай жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мереке күндері сауда орталықтары әр өңірде эпидемиологиялық жағдайға байланысты әртүрлі жұмыс істейді", – деді жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова.  

Ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында астана "қызыл" зонада тұрса да, елордаға кіріп-шығуға шектеу жоқ екенін нақтылады.

Елорда әкімдігінің ресми сайтында қаланың бас санитар дәрігері шығарған бұрынғы қаулының талаптары сол күйінде сақтала беретіні жазылған. Атап айтқанда, 16-18 желтоқсанда сауда орталықтары түнгі сағат 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал 19 желтоқсан, сенбі күні жұмыс уақыты 20:00-ге дейін қысқарады. 

"20 желтоқсан, жексенбі күні ірі сауда орталықтарындағы бутиктердің жұмысы тоқтатылады. Онда дезинфекциялық шаралар жүргізілетін болады. Ірі сауда және ойын-сауық орталықтарында орналасқан дәріханалар, гипермаркеттер, азық-түлік дүкендері клиенттерге жексенбіде қызмет көрсете алады", - делінген ресми хабарламада. 

Бүгінгі күні Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймақта тұр.

Оқи отырыңыз: Мереке күндері қоғамдық көлік қалай жүреді

"Қызыл" аймақта – Нұр-Сұлтан қаласы. "Сары" аймаққа жеті өңір – Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы енген. Қалған өңірлер – "жасыл" аймақта.

 

Жаңалықтар
0