Қоғам

Оқу жылы басталғалы 3 мыңға жуық қазақстандық оқушы вирус жұқтырды

© Sputnik / Владислав ВодневРебенок возле школы
Ребенок возле школы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қызыл" аймақта – Нұр-Сұлтан қаласы.  "Сары" аймаққа жеті өңір – Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы енген.  Қалған өңірлер – "жасыл" аймақта

НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан – Sputnik. Қыркүйектен бері Қазақстанда 2 884 оқушы коронавирус жұқтырды. Бұл туралы ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Оқу жылы басталғаннан бері 2 884 оқушы вирус жұқтырды. Оның ішінде кезекші сыныптарда оқитын балалар арасында 818 жағдай, қашықтан білім алатындар арасында – 2 066 жағдай", - деді Қожапова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Сондай-ақ, ол қазақстандықтар келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, алдағы демалыс күндерінде инфекция жұқтырып алмас үшін бірқатар кеңес берді. Олар: 

  • халық көп жиналатын орындарға бармау; 
  • ұжымдық іс-шараларды өткізбеу және оған қатыспау; 
  • суық тигізіп алудан сақтану; 
  • міндетті түрде маска тағу; 
  • қашықтық пен гигиенаны сақтау; 
  • мерекемен құттықтау үшін қашықтан байланыс құралдарын пайдалану. 

Қожапованың мәліметінше, бүгінгі күні Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймақта тұр.

"Қызыл" аймақта – Нұр-Сұлтан қаласы.  "Сары" аймаққа жеті өңір – Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы енген.  Қалған өңірлер – "жасыл" аймақта.

Жаңалықтар
0