Қоғам

Алматыда мониторингтік топ өкілдерін түнгі клубқа қамап тастады – видео

© Photo : Pixabay/ Aleksey Kutsar Банкет
Банкет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қоғам белсендісі шектеу шараларына қарамастан, кейбір мекемелердің ережені елемей, шектен тыс еркінсіп кеткеніне наразылық білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан – Sputnik. Алматыдағы The Artist түнгі клубына тексеріспен барған мониторингтік топты шығармай, қамап тастады. Ол жерде түнгі уақытта, шамамен, 400 адам болған. Бұл туралы топтың мүшесі, қоғам белсендісі Рафаэль Гасанов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

"Кеше әріптесім екеуіміз түнгі сағат 00.30-дың шамасында The Artist түнгі клубына бардық. Біз мониторингтік топ өкілдері ретінде келгеніміз жайында хабардар екенін түсіндік. Олар барлық шығатын және кіретін есікті жауып тастап, еркін жүріп-тұруымызға кедергі жасады. Сөйтіп, жазадан құтылуды және заңсыз әрекетті жасыруды көздеді деп ойлаймын", - деп жазды Гасанов Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, құқыққорғаушылар араласқаннан кейін 2-3 сағаттан соң, барлық адамды босатқан. Қоғам белсендісі шектеу шараларына қарамастан, кейбір мекемелердің ережені елемей, шектен тыс еркінсіп кеткеніне наразылық білдірді. Ондай кәсіпкерлік нысандарға қатысты қатаң шара да қолданылмайды. 

"Неге ылғи ереже бұзатын және айыппұл арқалайтын орындар жұмыс істей береді? Бір қызығы, олар жауапқа тартылмайтынына сенімді. Әділдік қайда? Неге адал кәсіпкерлер жабылады, ал басқалар шектеу шаралары мен қаулыларды елемейді?" - дейді Гасанов.

Айта кетейік, жақында депутат Азат Перуашев мониторингтік топтардың жұмысын сынға алып, үкімет басшысына сауал жолдаған болатын. Оның айтуынша, кәсіпкерлерге заңсыз қысым жасау фактілері жиілеп кеткен. Сосын мониторингтік топтар шенеуніктердің туған-туыстарына тиесілі мейрамханалар мен клубтарды айналып өтеді деген ақпарат бар. Осы санаттағы орындар карантин басталғалы тәулік бойы істеп келеді.

Жаңалықтар
0