Қоғам

Тоқаев екі адамға "Қазақстанның Еңбек ері" атағын берді

© Sputnik / Абзал КалиевҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өндірістік қызметтегі үздік жетістіктері үшін оларға айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылды

НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстанның Еңбек ері" атағын беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының жарлығымен "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры Вадим Басин және "Еуроазия энергетикалық корпорациясы" АҚ "Восточный" кенішінің машинисі Мұрат Қайыргелдин (Екібастұз қаласы) жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын алды.

Сондай-ақ, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылды.

Президент оларды Қазақстан Республикасын экономикалық дамытудағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін марапаттады.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Жаңалықтар
0