Қоғам

Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Акорды
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тізімге металлургия, медицина және математика саласындағы үш жұмыс пен 15 автордың аты-жөні енгізілген  

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы жарлыққа қол қойды. 

Металлургия 

"Ыстыққа төзімді қорытпалар мен олардың негізінде бөлшектер өндіру және өңдеу үшін жаңа буын технологияларын әзірлеу" тақырыбындағы жұмыс үшін алты ғалым марапатталды:

Аристотель Зейноллаұлы Исағұлов - "Қарағанды техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының атқарушы директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі;

Гүлнар Сантайқызы Жетесова - "Қарағанды техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының бірінші проректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі;

Марат Кеңесұлы Ибатов - "Қарағанды техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқарма төрағасының міндетін атқарушы – ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі;

Светлана Сергеевна Квон - "Қарағанды техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының "Нанотехнологиялар және металлургия" кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор;

Виталий Юрьевич Куликов - "Қарағанды техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының "Нанотехнологиялар және металлургия" кафедрасының меңгерушісі міндетін атқарушы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор;

Төлеутай Ысқақұлы Сүлейменов - "Қарағанды техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының "Ресурстар мен минералды шикізатты кешенді игеру" инженерлік бейінді сынау зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, саяси ғылымдарының докторы.

Медицина

"Инновациялық жасушалық технологияларды әзірлеу және клиникалық медицинаға енгізу" тақырыбындағы жұмыс үшін жеті ғалым марапатталды:

Абай Қабатайұлы Байгенжин - "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының кандидаты;

Манарбек Бапұлы Асқаров - "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" акционерлік қоғамының Жасушалар технологиясы мен транспланттау орталығының жетекшісі,  медицина ғылымдарының докторы, профессор;

Мақсат Әскерұлы  Жантұрғанов - "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" акционерлік қоғамының атқарушы директоры, медицина ғылымдарының кандидаты;

Еңлік Әбдікәрімқызы Қадырова - "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының бірінші орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты;

Темірлан Сібірұлы Кәрібеков - "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" акционерлік қоғамы басқарма төрағасының медициналық қызмет және ғылым жөніндегі орынбасары, медицина ғылымдарының докторы;

Болат Ғаббасұлы Көпенов - "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" акционерлік қоғамының атқарушы директоры, медицина ғылымдарының кандидаты;

Самат Сағатұлы Сапарбаев - "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті"  коммерциялық емес акционерлік қоғамының стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, медицина ғылымдарының кандидаты.

Математика

"Бейлокальды дифференциалды операторлар теориясына" тақырыбы бойынша жұмыстар циклі үшін екі ғалым марапатталды:

Махмуд Әбдісәметұлы Садыбеков - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Математика және математикалық модельдеу институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор;

Сұраған Дурвудхан - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Математика және математикалық модельдеу институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы  Ұлттық   ғылым   академиясының  корреспондент  мүшесі, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор.

Жаңалықтар
0