Қоғам

Тұмаудан тез айығудың тиімді 3 тәсілі бар – дәрігер

© pixabay.comЛекарства, иллюстративное фото
Лекарства, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін мамандар суық күндері тұмаудың алдын алу үшін тағамға түрлі дәмдеуіш қосуға кеңес берген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан — Sputnik. Тұмаудан тез айығудың тиімді үш тәсілі бар, деді британиялық дәрігер әрі тележүргізуші Сара Джарвис.

Бірінші жолы - тамаққа арналған спрей қолдану. Маманның айтуынша, ол микробтардан қорғайды, деп жазады РИА Новости.

"Зерттеулердің нәтижесінде осы тәсілдің арқасында суық тию симптомдары екі есеге азайғанын көрдік", - деді Джарвис.

Келесі тәсілі - эхинацея қолдану. Дәрігер бұл дәріні қолдану алдында мұқият болу керек екенін ескертті. Өйткені зерттеуде оның тиімділігіне қатысты бір-біріне қарама-қарсы нәтижелер көрсетілген.

Тұмаудан арылудың үшінші жолы С дәруменін ішу немесе осы витамин бар тамақ жеу. Цитрустар, бұрыш, брокколи, брюссель орамжапырағы және картопты ас мәзіріне қосқан дұрыс. 

Бұған дейін мамандар суық күндері тұмаудың алдын алу үшін тағамға түрлі дәмдеуіш қосуға кеңес берген болатын. Дәмдеуіш қосып, жылытатын сусындар әзірлеуге болады. Ол иммунитетті нығайтады. Сондай-ақ, сырқат симптомдарын жеңілдетуі мүмкін.

Жаңалықтар
0