Қоғам

Отставкаға дейін Тоқаев пен Назарбаев не туралы сөйлескені белгілі болды

© Photo : Twitter/Aidos_UkibayКасым-Жомарт Токаев и Нурсултан Назарбаев
Касым-Жомарт Токаев и Нурсултан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Қазақстанның тұңғыш президенті өкілеттігін тоқтататынын жариялағанға дейін бір тәулік бұрын болған

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан - Sputnik. "Хабар" телеарнасының эфирінде Елбасымен жаңа сұқбат шықты.

Нұрсұлтан Назарбаев бос уақытында сурет салатынын айтты. Қазіргі уақытта елуге жуық картинасы бар.

"Сіз тағдырға сенесіз бе?" деген сауалға ол былай деп жауап берді:

"Егер тағдырға сенсең, өзіңді оңға да, солға да бұрыла алмайтын құбырда жүргендей елестету керек. Ол сенің өмірің, соның ішінде жүресің. Бірақ біз олай істемейміз ғой. Біз шығар жол іздейміз. Бұл тағдыр деп сеніп, соған сену дұрыс емес. Әркімнің маңдайына жазылғаны бар шығар, алайда мен оны күтіп отыруға қарсымын", - деді ол.

Назарбаевтың айтуынша, ол отставкаға кететінін мәлімдеудің алдында Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай қадамға бармас бұрын тағы бір мәрте ойлануды сұраған.

"Мен 19 наурызда өкілеттігімді тоқтататынымды жарияладым. 18 наурызда жаңа үлкен мешітте тас орнаттық. Кейін Тоқаевпен бірге менің көлігіммен оралдық. Ол келесі күні жариялайтынымды білді. Ол: ойланыңыз, мүмкін бұл ойдан бас тартасыз",- деді. Бірақ мен: іштей осылай шештім, қабылдауға дайындал", - дедім деп еске алды Елбасы.

Мемлекет басшысы қызметінен кеткен соң мемуарлар жазуға кірісетінін ойлаған. Алайда қазір уақыт жоқ дейді.

Жаңалықтар
0