Қоғам

Қазақ деген ат төбеліндей аз халықпыз, екі жағымызда екі алып мемлекет тұр – Елбасы  

© Sputnik / Абзал КалиевПешеходы на улицах столицы
Пешеходы на улицах столицы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев қолынан келгенше шекараны шегендеп, төңіректегі елдердің бәрімен достық қарым-қатынас орнатқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. "Түркістан: көне мен келешек көпірі" деректі фильмінде сұқбат берген Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев не үшін алаңдайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қанша айтсақ та, басқалармен салыстырғанда "қазақ" деген ат төбеліндей аз халықпыз ғой. Екі жағымызда екі алып мемлекет тұр. Мына жағымызда 1,5 миллиард халқы бар Қытай, мына жағымызда Ресей бар. Болашақта олар қандай саясат жүргізеді? Қолымнан келгенше шекараны шегендеп, төңіректегі елдердің бәрімен достық қарым-қатынас орнаттым. Қазір Қазақстанның жауы жоқ. Ал заман өзгереді, ел өзгереді, жұрт өзгереді. Сонда не болады? Білеміз ғой...", - деді Назарбаев.

Оқи отырыңыз: Назарбаев астананы Түркістанға ауыстыруға қатысты ойын айтты 

Елбасының айтуынша, қазірдің өзінде "тәуелсіздігімізді көре алмай, көз тігіп отырғандар бар". Себебі Қазақстан экономика мен реформалар жағынан төңіректегі мемлекеттерден озып кетті. Оған қызғанышпен қарайды. Сондықтан тәуелсіздікті сақтау жастардың басты міндеті болуы шарт. 

"Тәуелсіздік болмаса, түк болмайды, тілімізді де, дінімізді де тартып алады. Біз басқармаймыз, басқа біреу басқарады. Тәуелсіздік пен бірлігімізді сақтау жастардың жадында болуы керек. Мен оны үгіт-насихат үшін айтып отырған жоқпын. Бұл – менің ел үшін, жұрт үшін ішімнен, жадымнан, жанымнан айтып отырған сөзім", - деп атап көрсетті Назарбаев.

Бұдан бөлек, Елбасы жастарға заман талабына сай білім алуға кеңес берді. Әсіресе, ғылым мен технологияны басты назарда ұстау қажет. Қазіргі білім он жылдан кейін керек бола ма, жоқ па, соның бәрін ескерген жөн.  

"Қазіргі сараптама бойынша әрбір он жылда мамандық өзгеріп тұрады. Бүгін бар мамандық ертең жоқ. Оның орнына басқасы келеді. Соған бейімделе білуіміз керек. Ол жастар ең алдымен білімді болуы керек", - деп түйіндеді Назарбаев.

Жаңалықтар
0