Қоғам

Маман желтоқсан айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр

© Sputnik / Абзал КалиевНұр-Сұлтан, қала көрінісі
Нұр-Сұлтан, қала көрінісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астрологтың болжамынша, желтоқсан айындағы өзгерістер, негізінен, Ай және Күннің тұтылуымен байланысты болады

НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова желтоқсан айына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Белгілі астролог қыстың алғашқы айындағы өзгерістерді Айдың және Күннің тұтылуымен байланыстырып отыр.  

"30 қарашада Айдың тұтылуына куә болсақ, 14 желтоқсанда Күннің тұтылуын тамашалаймыз. Бұл астрономиялық құбылыстар бізге қалай әсер етеді? Ең алдымен, күнделікті, бірқалыпты тірлігіміз өзгереді. Эмоцияға, сезімге көп берілеміз, интеллект пен ішкі түйсік басым түседі. Сенімсіздік пен мазасыздық күшейеді. Жылдың алғашқы жартысында жаңа дос тауып, жұмыс орнын, тұратын жерімізді немесе тағы басқа дүниелерді өзгертуіміз мүмкін", - дейді Әбдірайымова.

Ол желтоқсан айы күтпеген өзгерістерге толы екенін атап өтті. Мәселен, біреу аяқасты байып шыға келсе, енді бірі банкротқа ұшырап, жиған-тергенінен қапелімде айырылып қалуы ғажап емес.

Маманның айтуынша, осы жолғы тұтылудың тағы бір ерекшелігі – астрономиялық құбылыстың Альдебаран және Антарес жұлдыздарының маңында өтуі.

"Бұлардың энергиясы бүлікке, тұрақсыздыққа, зорлық-зомбылыққа итермелейді. Бұған қоса, ессіздік, қызбалық пен қыңырлық әкеледі. Құқыққорғау немесе сот органдарымен проблема туындайды. Өрт, дау-жанжал, күш көрсету жиілейді", - деп ескертті ол.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап не өзгереді

Әбдірайымованың болжамынша, бұл кезеңде су тасқыны, цунами, вулкан, жер сілкінісімен байланысты табиғи апаттар болуы мүмкін.

Бұдан бөлек, астролог көп адамның өмірлік құндылықтары өзгеріп, жан-дүниесінде күрделі трансформация жүретінін айтты.

"Әр адам жүрегінің түкпіріне үңіліп, өзінің шын мәнінде не қалайтынын – қайда, кіммен және қалай өмір сүргісі келетінін шешеді. Астрономиялық құбылыстардың энергиясы біздің жаңа тәжірибеге, қоғам таңып берген ақпараттық ағынға ілеспей, өз таңдауымызды жасауға, өздігінен шешім қабылдауға қаншалықты дайын екенімізді көрсетеді", - дейді астролог.

Сонымен қатар, Әбдірайымова желтоқсан айынан бастап және бүкіл 2021 жыл бойы планета Уран энергиясының ықпалында болатынын атап өтті.

"Уран қоғамдағы бүкіл төңкеріспен және жаңашылдықтармен байланысты. Ол саяси революцияларды, экономикалық өзгерістерді, ереуілдерді, қақтығыстарды басқарады. Уран – бұл реформалар, ауыр өнеркәсіп, жаңа технологиялар. Ескі тәртіп пен тұрақтылықтың жойылуы", - деді маман.

Жаңалықтар
0