Қоғам

Нұр-Сұлтанға мерзімі өткен ПТР-анықтамамен келген екі шетелдік депортацияланды

© REUTERS / PIROSCHKA VAN DE WOUWМедик ставит пробирку с пробой для анализа на коронавирус в держатель в центре тестирования
Медик ставит пробирку с пробой для анализа на коронавирус в держатель в центре тестирования  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұдан бөлек, Мысырдан ұшып келген қазақстандықтардың бірінен коронавирус инфекциясы анықталған

НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласына мерзімі өткен ПТР-анықтамасымен келген екі шетелдік азамат депортацияланды.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 30 қарашада Қазақстан аумағына Мысыр, БАӘ, Түркия, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасынан 9 халықаралық әуе рейсі келді.

1 169 жолаушының ішінде ПТР-тестілеу теріс нәтиже көрсеткен анықтамамен 960 адам, анықтамасыз 209 адам - ҚР азаматтары келді.

"Оның ішінде Алматы қаласының әуежайына - 4 рейс,  762 жолаушы, анықтамамен - 616, анықтамасыз – 146. Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 4 рейс, 285 жолаушы, анықтамамен - 234, анықтамасыз - 51; Ақтау қаласының әуежайына - 1 рейс, 122 жолаушы, анықтамамен - 110, анықтамасыз – 12", - делінген хабарламада.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестілеу өткізілді. Оның нәтижесі бойынша Мысырдан ұшып келген бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталған.

Ал COVID-19-ға тестілеу бойынша мерзімі өткен анықтама ұсынған Молдова мен Қырғызстан азаматтары Нұр-Сұлтан қаласының әуежайынан депортацияланды. Олар Минскіден ұшып келген.

Жаңалықтар
0