Қоғам

Денсаулық министрлігі өткен тәулікте қанша адамның қайтыс болғанын жариялады

© REUTERS / BENOIT TESSIERИнтенсивті терапия палатасындағы медбике
Интенсивті терапия палатасындағы медбике - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министрліктің мәліметінше, қазір ауруханаларда емделіп жатқан 232 науқастың жағдайы ауыр, соның ішінде отызы хәл үстінде жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Өткен тәулікте жеті адам коронавирустан көз жұмды, деп хабарлайды Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте тағы 7 науқас коронавирустан көз жұмды, ковидтік пневмониядан қайтыс болғандар жоқ.

Бір тәулікте 68 адам пневмонияға шалдықты. Жалпы тамыздан бері 42 215 адам коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырды, 443-і көз жұмды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда тағы 689 адам індетке шалдықты

Министрліктің ақпаратынша, қазір коронавирустан 13 444 адам ем қабылдауды жалғастыруда, олардың арасында 912 бала бар. Стационарларда 3 586 науқас жатыр.  9 858 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Науқастардың арасында 232 адамның жағдайы ауыр, соның ішінде 30-ы хәл үстінде жатыр. 31 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Жаңалықтар
0