Қоғам

Қазақстанның астанасы қайтадан коронавирустың "сары" аймағына кірді

© Sputnik / Владислав ВодневМаска киген қыз
Маска киген қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Сары" аймақта, бұдан бөлек, Алматы қаласы тұр. "Қызыл" аймақта – Ақмола, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары. Қалған өңірлер "жасыл" зонаға енді

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтан қайтадан коронавирустың "сары" аймағына кірді. Елорда "жасыл" зонада небәрі бес күн – 24-29 қараша күндері болды.

Ұлттық қоғамдық денсаулық орталығы сайтының мәліметінше, дүйсенбі, 30 қарашада Нұр-Сұлтан COVID-19-дың таралуы бойынша "сары" аймаққа тағы енді. Бұған дейін қала "сары" аймақта 11 мен 24 қараша аралығында болған еді.

Бұдан бөлек, "сары" аймақта Алматы қаласы да тұр. "Қызыл" аймақта Ақмола, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары қалып отыр. Қалған өңірлер – "жасыл"аймақта.

Тағы оқыңыз: Министр Қазақстанда қатаң карантин қашан енгізілуі мүмкін екенін айтты

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой егер өңір бір аймақтан басқасына ауысса, онда шектеулар тағы 14 күнге созылатынын мәлімдеген еді.

11 қарашада Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қазір карантинді жеңілдету мәселесі қаралып жатқан жоқ екенін айтқан болатын.

Еске салсақ, Қазақстанда өткен жексенбі, 29 қарашада инфекция жұқтырған 794 адам тіркелді, оның 54-і – Нұр-Сұлтанда.

Жаңалықтар
0