Қоғам

Синоптиктер қыстың алғашқы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневАстана көрінісі
Астана көрінісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазгидрометтің болжамынша, республиканың басым аумағында ауа райына моңғол антициклоны әсерін тигізеді

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Алдағы күндері Қазақстанда аяз болады деп болжанып отыр, кей жерлерде қар жауады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз, аяз болады. Қазгидрометтің ақпаратынша, Қазақстандағы ауа райына моңғол антициклоны әсерін тигізеді.

"Тек оңтүстік және оңтүстік-шығыста, негізінен, қар түрінде жауын-шашын түседі", - делінген хабарламада.

Елдің кей жерлерінде тұман, көктайғақ және қатты жел күтілуде.

Дабылды ескерту

Бұған дейін Қазгидромет 30 қарашада қай өңірлерде дабылды ескерту жариялаған еді.

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерді тұман басып, бұрқасындатады. Шығыс Қазақстанда түнде кей жерлерде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанның қысқы пейзажы көз сүйсіндіреді – таңғажайып видео

Алматы облысында кей жерлерде – тұман және көктайғақ.

Жамбыл, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман, күндіз көктайғақ болжанып отыр.

Түркістан, Маңғыстау, Атырау облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Түркістан облысында кей жерлерде тұман күтілуде.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында, түнде Ақтөбе облысында тұман түседі.

Жаңалықтар
0