Қоғам

Ұялы телефон арқылы қалай қосымша ақша табуға болады – маман кеңесі

© Photo : Dean MoriartyСмартфоны в руках
Смартфоны в руках - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сарапшының айтуынша, қазіргі телефондардың камерасы арқылы өте сапалы сурет түсіруге болады

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша— Sputnik. Смартфон – тек коммуникация құралы ғана емес, сонымен қатар ол ақша табуға мүмкіндік береді. Мәселен, телефонның камерасын тиімді пайдалануға болады.

Бұл туралы "Прайм" агенттігіне ресейлік "Синергия" университетінің ақпараттық технолоиялар институты директорының орынбасары Антон Аверин айтып берді.

Айталық, сауда орындарын бағалауға мүмкіндік беретін Streetbee Pro ұялы қосымшасы бар.

"Сауда орнына барып, фотоға түсіріп, оны қосымша арқылы жіберу керек. Сурет үшін сізге ақша төлейді. Бір фото үшін жап-жақсы ақша табуға болады", - дейді сарапшы.

Ал суретті жұмысқа немесе университетке бара жатқанда түсіре салудың еш қиындығы жоқ дейді ол.

Бұдан бөлек, сапалы суреттерді бұқаралық ақпарат құралдары және жарнама агенттіктері де сатып алады.

"Фотоңызды сайтқа жүктеп көріңізші, оны сатып алғысы келетіндердің тез табылғанына таңғаласыз. Әсіресе, бір суреттің бағасы қалта көтерерлік болса", - дейді Аверин.

Сондай-ақ портреттік және сюжеттік фотолар, қалалар, көрікті орындар, мейрамханалар мен тамақтың суреттері, әдемі пейзаждар сұранысқа ие. Осының бәрі сізге қосымша табыс бола алады.

Жаңалықтар
0