Қоғам

Не себепті мұндай жалған ақпарат тарағанын білмеймін – Бекшин

© Photo : Служба центральных коммуникацийЖандарбек Бекшин, архивное фото
Жандарбек Бекшин, архивное фото  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Комиссия Бекшин басқаратын ведомствоны тексеріп, ешқандай ұрлық анықталған жоқ деген қорытындыға келді

АЛМАТЫ, 27 қараша – Sputnik. Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин өзі басқаратын ведомство еңбек демалысындағы медицина қызметкерлеріне 4,2 миллион теңге қаражатты негізсіз төледі деген ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның мәліметінше, ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қаланың тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне қатысты тексеру жұмыстары 30 қыркүйекте аяқталды.

Оқи отырыңыз: Бекшин Алматыда оқушылардың коронавирусты қалай жұқтырып жатқанын айтты 

Бұған дейін БАҚ-та Жандарбек Бекшин қызмет ететін ведомствода 55 миллион теңгеден асатын сомаға заңбұзушылық жасалғаны хабарланды.

Брифинг барысында қаланың бас санитар дәрігері БАҚ-та ақпарат қате берілгенін айтты.

"51 миллион теңгеден астам қаражат – бұл процедуралық сипаттағы іс. Ол бюджетке қайтарылмайды. Яғни, мұның бәрі салық, зейнетақы, әлеуметтік аударымдар және т.б. үстемақылардан ұсталуы тиіс қаражат. Ұсталынып қалған қаражаттың бәрі тауарлар мен көрсетілетін қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету комитетінің нұсқаулық хаты негізінде жүргізілді. Бұл қаражат ешкімге берілген жоқ, керісінше ұсталынып қалды", - деп түсіндірді Бекшин.

Ал қалған 4 миллион теңге еңбекке жарамсыздық парағын әкелген қызметкерлерге төленген. Ал бұл сома қайтарылады.

"Комиссия департамент бойынша талдау және тексеру жүргізген кезде ешқандай ұрлық анықталған жоқ деген қорытындыға келді. 55 миллион емес, үй карантинінде жатқан адамдарға 4 миллион теңге төленген. Не себепті мұндай жалған ақпарат тарағанын білмеймін", - деді Бекшин.

Айтуынша, тексеріс барысында ведомствоға ескерту жасалды.

Жаңалықтар
0