Қоғам

Облыс әкімі Тоқаевтың сынына жауап берді

© Photo : акимат Нур-СултанаМедики
Медики - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жуырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар облыста коронавирус індетіне қатысты жаңа жағдайларды жасыру деректері анықталғанын мәлім еткен

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Ақмола облысында коронавирус жұқтырған 100 науқас жалпы статистикаға енбей қалған. Бұл туралы өңір басшысы Ермек Маржықпаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Президенттің сыны орынды. Шындығына келсек, біздің облыстық санитарлық-эпидемиялық қызметте небәрі 12 адам істейді. Жаппай ауру деректері болған кезде, біз мәліметтерді өңдеп үлгере алмай жатамыз. Өкінішке қарай, осындай жағдайлар бар. Жалпы статистикаға 100 науқас енбей қалды. Қазір бәрі дұрысталды", - деді Маржықпаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз мәслихатында.

Ол қазір Ақмола облысы "қызыл" аймақта тұрғанын еске салды. Айтуынша, коронавирус жұқтырғандар саны 4 950 адамға жеткен, күндізгі өсім – 65-70 адам. Әкімнің ойынша, бұл көрші өңірлерден халықтың көптеп келуімен байланысты.

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты 7 қарашадан бастап Көкшетаудың айналасына санитарлық бекеттер қойылды. Ал 23 қарашадан карантин күшейтілді.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысы тұрғындары мектепті сақтап қалу үшін жаппай бала асырап жатыр

Еске салсақ, жуырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар облыста коронавирус індетіне қатысты жаңа жағдайларды жасыру деректері анықталғанын мәлім етті. Әңгіме Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай және басқа да облыстар жайында болып отыр.

Жаңалықтар
0